Семейлік тұрғыны жарты миллион теңгесін алаяққа беріп қойды

Шетелдік көлікті заңдастырмақ болған семейлік жарты миллионға алданып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қараша айының ортасында Семей қ.ПБ Орталық ПБ “102” жедел арнасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, 2021 жылдың тамыз айында бейтаныс адам өзін алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы ресейлік есептегі “Toyota Estima” маркалы автокөлікті Қазақстандық есепке ресімдеп, барлық қажетті құжаттарын дайындап беремін деп 500 000 теңге сомасында ақша иемденіп кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс – шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері еш жерде жұмыс істемейтін, қаланың 38 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскөй анықтау барысында кінәсін мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Semeynews.kz