Абай облысыҚоғамМәдениетБілімСемейТОП

Семейде ұстаздар арасында «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы» атты қалалық сайысы өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып ақын, зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы» атты қалалық сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сайысқа қала мектептерінінің “қазақ тілі және әдебиеті” пәнінің мұғалімдері қатысты.

Әділқазылар алқасының құрамындағы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова, қалалық білім бөлімінің әдәскері Нұргүл Байсарина, Әлихан Бөкейхан университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлнат Төкенқызы, “Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешенінің” директоры Гүлбану Сәрсекей және Абай музейінің аға ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылардың эссе жазу мен ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығына қатысты білімдерін бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Знаменка» жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Серіққали Жаннұр Ерболқызы иеленді. ІІ орын № 20 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Турсун Маусымжан Болатқызы мен №30 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Сағындықова Жансаяға бұйырды. Байқаудың ІІІ орыны №3 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Аманбердина Еркежан, №46 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Қасенова Назгүл және №6 мектеп-гимназиясының мұғалімі Кемелтай Еркежанға табысталды.

Сайыс жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар мен ұйымдастырушылар да алдағы уақытта осындай байқаулардың өтуі мектеп ұстаздарының мәртебесін көтеріп, кәсіби деңгейін арттырарына сенім білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button