Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде көлік мұз астына түсіп кетті
Семейде Бейбітшілік аралында жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының полиция департаментінің хабарлауынша, 10 желтоқсанда сағат 22:00-де Бейбітшілік аралында Ертіс өзенінің арнасындағы мұзбен серуендеу кезінде “Mitsubishi”маркалы жеңіл автомобиль суға түсіп кеткен.
23 жастағы автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға болған кезде салоннан шығып үлгерді және зардап шеккен жоқ .
Семей қаласының патрульдік полиция батальоны мұзға шығу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Абай болуды, серуендеуден, мұзда балық аулаудан және Ертіс өзенінен өтуден бас тартуды ұсынады.
Semeynews.kz