ШҚОТОП

Тағы да өрт: Жаңа Бұқтырмада 8 үй өртенді

Шығыс Қазақстанда тағы бір өрт шықты. Жаңа Бұқтырма кентінде бірнеше үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, өрт бүгін сағат 17.00 шамасында демалыс базасында шықты. Жалын көз ілеспес жылдамдықпен 8 үйге, дәмхана мен моншаның шатырына жайылған.

Алдын ала мәліметке сәйкес өрттің аумағы шамамен 409 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button