Абай облысының құтқарушылары қар құрсауында қалған көлікті алып шықты

Ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында түнгі сағат екі шамасында 112 пультке Қалбатау – Ақжал жолының учаскесінде “Nissan” маркалы жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz Абай облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қар құрсауында қалған көлікте екі жолаушы болған, оларға құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Адамдарды оқиға орнына эвакуациялауға Жарма ауданы ТЖБ бөлімшесінің қызметкерлері ЗИЛ 131 (КУНГ) өтімділігі жоғары автокөлікпен дереу жолданды.
Қар тұтқындаған көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп апарған құтқарушылар екі азаматты жақын маңдағы елді мекенге дейін ертіп барды.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды метеорологиялық есептерді қадағалауға және шұғыл қажеттіліксіз елді мекеннен тыс жерлерге шықпауға шақырады.
Төтенше жағдай туындаған кезде “101” немесе “112”нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
Semeynews.kz