ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, ерекше режімдегі колония аумағын патрульдеу кезінде, қызметкерлермен таңғы сағат 5 шамасында, белгісіз тұлғамен басты қоршаудан лақтырмақ болған скотчпен оралған 2 байлам табылды.
«Лақтырушы өз ойын жүзеге асырып үлгермеді, ол патрульді көріп 2 байламды тастай салып қашып кеткен. Қызметкерлермен Өскемен қалалық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды. Байламдар ашылды, екі ұялы телефон, 135 данадағы трамадол және 0,5 мг белгісіз зат құйылған 6 ыдыс алынды», – деп хабарлады әділет майоры Жасулан Баденов.
Аталған факт СДТБТ тіркелді.
Semey News.