Абай облысыҚоғамСемейТОП
Жиенали ауылдық округінің әкімі ҚР ІІМ медалімен марапатталды
ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысына сапары барысында қоғамдық дамуға үлес қосқан азаматтарды марапаттады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Қазақстан полициясына – 30 жыл” төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында Жиенали ауылдық округінің Бөкенші ауылының әкімі Гүлжан Сыздыханова бар.
Абай облысы бойынша ішкі істер департаментінің статистикасына сәйкес, соңғы 5 жылда Жиенали ауылдық округінде бірде-бір ауыр қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелмегені, сондай-ақ ауыл басшылығының құқықтық тәртіп органдарымен тығыз қарым-қатынасы үшін құрмет наградасы берілді.
Гүлжан Сыздыханова 2013 жылдан Жиенали ауылдық округінің әкімі.
Semeynews.kz