Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде ұлы композитор Еркеғали Рахмадиевке арналған іріктеу байқауы өтті

Бүгін Абай атындағы театрда ұлы композитор Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл толуына орай республикалық композиторлар сайысының іріктеу туры өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев – Аягөз ауданының тумасы, көрнекті композитор, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері. КСРО Халық әртісі. Қазақстанның Еңбек ері.

Республикалық конкурстың қазылар алқасының құрамына: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы, Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, Роза Бағланова атындағы” Қазақконцерт “мемлекеттік концерттік ұйымының музыкалық редакторы Еркімбеков Серік Жексембекұлы,  Еркеғали Рахмадиев атындағы қоғамдық қордың директоры  Тани Айсұлу Бақытқызы, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Тұрсынбаев Жоламан Қайменұлы.

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген композиторлар қатысты. Байқау қорытындысы 8 желтоқсанда гала-концертте жарияланады. Байқаудың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button