ҚР Ішкім істер министрі Марат Ахметжанов Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
Абай облысының ПД әлеуметтік желілерде 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының Абай облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өткізетіні туралы хабарландыру таратты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Хабарландыру!
2022 жылғы 7 желтоқсан күні сағат 10.00-де Абай атындағы кітапханада (Семей қаласы Қайым Мұхамедханов көшесі 1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ахметжанов Марат Мұратұлының Абай облысының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7122) 693-061, 693-058,693-040 телефондары арқылы және amrenova89@list.ru электронды мекенжайына жіберуге болады.
Есеп беру кездесуі офлайн және онлайн форматта өтеді. Кездесуінің трансляциясы ҚР ІІМ-нің Instagram-дағы ресми аккаунтында https://instagram.com/qriim_mvdrk?igshid=YmMyMTA2M2Y= және
Абай облысының ПД abai_departament_police инстаграмм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Semeynews.kz