СемейТОП

Семейде пилотсыз ұшу аппараты арқылы браконьерлік жасаушыларды ұстауда

«НЕРЕСТ» алдын алу шаралары барысында 12 әкімшілік бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Семей қаласының ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері басқа да табиғатты қорғауға жауапты мекемелермен бірлесіп, “ДРОН” пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, Семей қаласы аумағындағы Ертіс өзені және басқа да су қоймаларында балықтардың уылдырық шашу маусымы кезінде браконьерлік жасаушылардың жолын кесу бағытында іс- шаралар өткізді. Осы шара барысында заңсыз құралдар мен балық аулаған тұлғалар анықталып,олардың үстілерінен ҚР ҚК 335-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында  ҚР  ӘҚБ кодексінің 383-бабының 1-бөлігі бойынша 12 әкімшілік бұзушылық және  382-бабының 1-бөлігі бойынша 2 факт анықталып кінәлілердің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып,айыппұл салынды.

 

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button