Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП
Семей тұрғынының жертөлесіндегі жасырын цехта алкоголь өндірілген
Абай облысында жертөледе анықталған жасырын цехте 1,5 тонна алкоголь табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz сілтеме жасап.
Өңірдің Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алкогольді заңсыз дайындайтын жасырын цехтің қызметін тоқтату бойынша арнайы операция өткізді.
Контрафактілі алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны жертөледе жабдықталған цехте дайындаған. Ол спиртті қолмен құю желісін жасақтаған.
«Полиция қызметкерлері әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі.
Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады», – делінген хабарламада.
Заңсыз өнімдер Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді.
Semeynews.kz