Облыс бойынша жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету – Семей жылу көздеріне барғаннан кейінгі президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовтың қорытынды кеңестегі тапсырмасы
Семей қаласының жылу көздері бойынша аралаудан кейін ҚР президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен облыс әкімі Нұрлан Уранхаевтың, орталық органдардың басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар мен коммуналдық кәсіпорындардың, сондай-ақ энергетикалық компаниялардың басшыларының қатысуымен кеңес өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Күн тәртібінде – Абай облысындағы жылыту маусымына дайындық.
“Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикада орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі қызметін тексеру үшін менің басшылығыммен арнайы комиссия құрылды.
Комиссия құрамына Бас прокуратураның, жоғары аудиторлық Палатаның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.
Президенттің тапсырмасы бойынша комиссия нақты қорытындылар мен ұсыныстармен он күн ішінде өз жұмысын аяқтауы тиіс”, – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.
“Жылумен жабдықтау саласындағы басты проблемалардың қатарында жылу желілерінің жоғары тозуы да бар. Желілердің орташа тозуы 63,8% құрайды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 322 шақарым, орташа тозуы – 68%.
Энергия өндіруші ұйымдардағы жылу желілері мен технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы жылу энергиясын өндіру және тасымалдау кезінде жоғары шығындарға әкеледі.
Осыған байланысты бүгінгі күні Абай ауданының Семей қаласы мен Қарауыл ауылында 1,3 млрд.теңге сомасына жылу желілерін салуға 3 ЖСҚ әзірленді”, – деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Кеңес қорытындысы бойынша Тимур Сүлейменов келесідей тапсырмалар берді:
Қаражыра ” АҚ:
– облыстың барлық жылу көздеріне тиісті сападағы көмірді жеткізуді қамтамасыз ету.
“ҚТЖ “ҰК” АҚ “Қаражыра”АҚ өтінімдеріне сәйкес облыстың елді мекендеріне көмір жеткізу үшін қажетті вагондар санымен қамтамасыз етсін.
“Біріккен энергосервистік Компания” АҚ жылыту маусымында Абай облысының тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етсін.
Облыс әкімдігіне:
– облыс бойынша жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету.
– қазандықтар мен жылу желілерін қайта құру және жаңғырту бойынша салалық министрліктерге бюджеттік өтінімдер енгізу.
Ұлттық экономика, қаржы, Индустрия және энергетика министрліктерімен бірлесіп Абай облысын дамытудың Кешенді жоспарында Мемлекет басшысының Семей қаласына сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларына сәйкес іс-шаралар көзделсін.
Semeynews.kz