Абай облысында қатты аязда үш адам көз жұмды
Жақында Абай облысында жан түршігерлік қайғылы оқиға орын алды – қарт ерлі-зайыптылар мен олардың үш жасар немересі Абай облысының Терістаңбалы ауылында қайтыс болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
⠀
Қайғылы оқиға Жарма ауданы Терістаңбалы ауылында болған. Отбасы жақындарының айтуынша, қайтыс болған ер адам мен әйелі және 3 жасар немересі басқа ауылға қонаққа барған. Ал түнде үйге қайту үшін олар өз ауылына баратын жолда жолшыбай көлікті ұстайды. Туыстары жүргізуші оларды тастап кетті ме, әлде өздері сұрады ма, білмейді, бірақ ауылға 1 шақырым қалғанда жолаушылар қолдарында кішкентай баланы алып жаяу жүрген.
“Таңертең олардың денелері табылғанда, әйел адам ауылдан 50 метр қашықтықта, ал ер адам мен немересі 100 метр жерде жатқан. Енді туыстары аязды ауа — райында далаға адамдардың түсу себебін анықтау үшін жүргізушіні іздеуде”, – деді қайтыс болған отбасының жақындары.
⠀
Жарма ауданының полиция бөлімінде бізге бұл факт расталды. Екі күн бұрын отбасын жерлеу рәсімі өтті.
⠀
Суық ауа райының басталуымен адамдардың үсік шалу жағдайлары жиілеп кетті. Мәселен, Абай облысы бойынша жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, аймақта тоғыз адамды үсік шалған, оның алтауы Семейде. Сондай-ақ, ауа-райына байланысты емес киім киюлеріне байланысты бір жасар бала мен бес жасар бала үсік шалды.
Semeynews.kz