Семей қоғамдық кеңесі желтоқсан айында қандай жұмыстар атқарады?
Қалалық Қоғамдық кеңестің желтоқсанға арналған жұмыс жоспары жарияланды. Құжатты Кеңес мүшелерінің бірі Радик Сайфутдинов жариялады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2 желтоқсанда Семей дәріханасын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету бойынша рейд жүргізілді.
5 желтоқсанда негізгі әлеуметтік тауарларға баға белгілеу бойынша рейдтер өтеді. Тұрақтандыру қорының жұмыс істеуі мәселелері көтерілетін болады.
6 желтоқсанда Семей қаласының ІІБ бастығының 3 тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы есебі жоспарланған.
7 желтоқсанда Кеңес абаттандыру мәселелеріне қоғамдық мониторингпен айналысады. Сондай-ақ, 7 желтоқсанда қаланың тарихи құрылысы, сәулет нысандары мен тарихи ескерткіштер бойынша рейд өтеді.
12 желтоқсанда 10 айлық қаржылық есеп жоспарланған. Сол күні Қоғамдық кеңес 2023 жылғы бюджеттің орындалу жобасын талқылайды.
Semeynews.kz