ШҚОТОП

Риддерде өрттен зардап шеккен тұрғындарға жаз соңына дейін жаңа үйлер салынады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Риддер қаласының өрттен зардап шеккен тұрғындарымен кездесу барысында, тамыз айының аяғына дейін жаңа үйлердің кілттерін алатындықтарын жеткізді. Ботаник жаңа ықшам ауданында жеті құрылыс компаниясы бес үйден салады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО Ақпарат орталығының хабарлауы бойынша, өрт, кеше кенеттен орманмен Риддер қаласының Лесхоз ауылын басып, елеулі зиян келтірді. Жергілікті билік ауыл тұрғындарын шұғыл түрде эвакуациялап, тамақ пен баспанамен қамтамасыз етті. Аймақтық билік өрттен зардап шеккендердің мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралулары үшін іс-қимыл алгоритмін жасады. Өрт құрсауындағы 59 учаскеде 31 үй толықтай өртенді. Аман қалған үйлерге жолды тазартуға көмектеседі, ал кешкісін электр қуаты қалпына келтіріледі.

Қазіргі уақытта комиссия келтірілген зиянды есептеп, адамдарға құжаттарды қалпына келтіруге кеңес беру жұмыстарын жүргізуде.

Облыс әкімі Даниял Ахметов тұрғындармен кездесу барысында өртенген үйлер қалпына келтірілмейтінін хабарлады. Зардап шеккендер қала орталығына жақын орналасқан жаңа ықшам ауданнан алаңы 80 шаршы метрді құрайтын, су құбыры тартылған және бақша учаскесі бар тұрғын үйлерді тегін алады.

«Аяқталмаған 9 қабатты үйді сатып алу жоспарланған болатын, алайда, ол 1996 жылғы, өңделмеген және қажетті коммуникациялары жоқ. Үй иесі шаршы метріне 179 мың теңге сұрады. Ал, жеке секторларда жаңа үй салу бюджетке шаршы метріне 160 мың теңгеден шығады. Тұрғындар оны тегін алады. Бүгінгі таңда қала архитекторлары 35 үйге жоспар жасады, жуықта құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыс материалдары Семей кірпіш зауытынан жеткізіледі. Даниял Ахметов тұрғындармен кездесуде, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Риддер қаласындағы жағдайды жеке бақылауына алғанын атап өтті. ШҚО әкімі апта сайын келіп, құрылыс сапасына және қалалықтардың құжаттарын қалпына келтіру процессіне бақылау жасайды,»-деп хабарлады облыстық әкімдікте.

«Қазмырыш» прафилакториясына эвакуацияланғандар құрылыс аяқталғанға дейін тегін тұрғын үймен және тамақпен қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар, кәсіпорын банк карточкалары рәсімделгеннен кейін әр отбасына 1 млн. теңгеден аударады.

Лесхоз ауылының қалған тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орманнан 50 метр қашықтықта қорғаныс жолағы жасалады.

Сонымен қатар, облыс әкімі Д.К.Ахметов ауруханада болып, өрттен жарақат алған науқастарды емдеуші дәрігерлермен кездесті. Жергілікті дәрігерлерге көмектесу үшін облыс орталығынан мамандар келді. Орташа ауыр зардап шеккен тұрғынды Өскеменге жеткізу мәселесі шешілуде. Екінші науқастың жағдайы әлі ауыр және Шығыс Қазақстанның жетекші дәрігерлерімен кеңес алу арқылы Риддер қаласында ем қабылдайды.

Semey News.

 

 

Осы айдарда

Back to top button