Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде “Аспап-асыл мұра” облыстық байқауы өтті

Семейдегі балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған “Аспап – асыл мұра” облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Музыкалық аспаптарда орындаушылық өнерді насихаттау және классикалық, заманауи және халық музыкасын насихаттау іс-шараның басты мақсатын айқындады.

Байқауда 50 қатысушы өнер көрсетті, олар қала, Ақсуат ауданы мектептерінің және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің өкілдері.  Жас музыканттардың жасы 9 жастан 17 жасқа дейін.

Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы №3 мектеп-интернатының “Сұлу саз” этно-фольклорлық ансамбліне Гран-при сыйлады.

Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен, қатысушылар – бағалы сыйлықтармен, дипломдармен, басшылар – алғыс хатпен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button