Абай облысыҚоғамСемейТОП
Абай облысында ауа райына байланысты барлық жол жабылды

Абай облысында сағат 19:00-ден бастап облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскесіне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Сағат 19.00-ден бастап ауа температурасының минус 30 С градустан төмен түсуіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелері бойынша жеңіл, қоғамдық және тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Semeynews.kz