Абай облысыҚоғамСемейТОП
Үржар ауданы Қаракөл ауылының тұрғындары қолайсыз ауа райында жоғалып кеткен ауыл тұрғынын тапты

Үржар ауданы Қаракөл ауылының тұрғыны Жайық Сыдықов үйінен мал іздеуге шығып, қатты боран салдарынан жоғалып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ауылдық округ әкімі Марат Мұсабаевтың жедел шаралар қабылдап, ауыл тұрғындары – Архат Өтепов, Нұржан Қажахметов, Оралбек Әмірханов, Балқаш Қоңыратов, Данияр Кәрімтаев, Дулат Қасымжанов жоғалып кеткен ауылдастарын іздеуге аттанды.
Іздеу нәтижесінде жоғалған адам табылып, үйіне аман-есен оралды.
Ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағы арқасында ер адамның өмірі құтарылды.
Semeynews.kz