ҚазақстанҚоғамТағайындауларТОП

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшы болды

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ политехникалық институтын (1989 ж.) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2007 ж.) бітірген.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР МҚК Құрметті қызметкері.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды;

2006-2019 жылдары – ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022жж. – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Фото:gov.kz

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button