Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Абай облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты

Абай облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қарашада сағат 07:00 шамасында Астана қаласының тұрғыны KIA автокөлігімен Омбы – Майқапшағай автожолының 702-шақырымында келе жатып, алдыда тұрған КамАЗ автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
ЖКО салдарынан Kia автокөліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тергеу басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
Semeynews.kz