Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП
Абай облысының тұрғынынан есірткі тәркіленді

Абай облысы Көкпекті ауданының тұрғынынан бір келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 қарашада “Рефлекс” ЖПІШ өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Көкпекті ауданының 46 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ер адамға тиесілі үйі мен ауласын шұғыл тінту барысында ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті ылғалды өсімдік массасының 25 шиыршығы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат 1,4 келі марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Semeynews.kz