Семейдің бас экологына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021 жылдың қыркүйегінде Нұрлан Сейтеновке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Semeynews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, ол 4 миллион теңге пара алды деп айыпталуда.
Қазіргі уақытта 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қылмыстық істі Абай облысы Семей қаласының № 2 сотында судья Т.Құдайбергенова қарауда.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұрлан Сейтеновке қатысты ұсынысы қаралды.
Айыптау үкімі шығарылғаннан кейін Н.Т.Сейтеновке қатысты ШҚО бойынша экология департаменті лауазымды адамдарының жауапкершілігі қаралатын болады.
Комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты толық көлемде жүргізеді және басшылықтың тұрақты бақылауында болады.
Semeynews.kz