Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған қазақ биінің өңірлік хореографиялық байқауы өтті

22 қарашада Семейде ҚазКСР Халық әртісі, биші, педагог Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған қазақ биінің өңірлік хореографиялық байқауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шараны қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен “Семей қаласының Саңырау азаматтарына арналған Клуб” КМҚК ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – хореографиялық (би) шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау.
Байқаудың бас жүлдесін балалар мен жастар шығармашылығы сарайының “Манго” би студиясы жеңіп алды. Топ “Аңыз” стиліндегі қазақ биін көрсетті.

“Ең үздік би жетекшісі” номинациясында би ұжымының үздік жетекшісі ретінде А.М.Самарғалиеваға диплом және конкурстың логотипі бар стауэтка табыс етілді.

Сондай – ақ, ынталандыру жүлдесі – жиырма күн бойы Бурабайдағы “Балдәурен” республикалық сауықтыру лагеріне жолдама Бородулиха ауылының шығармашылық үйінің “Айналайын” би тобына табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button