Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП
Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталуда

23 қарашада экология саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері айтылған кеңес барысында Семейдің бас экологы алаяқтық жасады деп айыпталғаны белгілі болды. Іс сотта қаралады, деп хабарлайды Semeynews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараты бойынша, шенеунік экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартпағаны үшін ақша алды делінген.
Іс ҚР ҚК 190-бабының 2 және 4 тармақтары (“Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам, не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, егер ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, бірнеше рет жасаған алаяқтық”) бойынша қозғалған.
Semeynews.kz