Семейде Ұлттық ұлан жауынгерлері жүкті әйелді аман алып қалды

Бүгін Семейде Ұлттық ұлан жауынгерлері есінен танып қалған жүкті әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгін сағат 9:30 шамасында Семей қаласындағы Би-Боранбай көшесі бойында келе жатқан жүкті әйел кенет есінен танып, құлап қалған. Дәл осы сәтте құлап жатқан әйелді тәуліктік кезекшіліктен шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан ҚР ҰҰ 5511 әскери бөлімінің 3 әскери қызметкері байқап қалып, дереу көліктерін тоқтатып, 103 каналына хабарласқан. Содан кейін уақыт жоғалтпастан есінен танып қалған әйелге алғашқы медициналық көмек беруге кіріседі. Әйелдің есін жиюға көмектесу барысында оның «Идиопатиялық эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болады.
Жедел жәрдем келе сала әйелді бірден дәрігердің қолына табыстайды, жүкті әйел жедел медициналық жәрджем ауруханасына жатқызылады. Қазіргі таңда әйелдің денсаулығы бір қалыпты.
Semeynews.kz