Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде бетбелгі қоймақ болған ер адам ұсталды

Есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимылды жандандыру мақсатында полиция қызметкерлері ҚР ҰГ арнайы бөлімшесімен бірлесе отырып, “РЕФЛЕКС” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Семей қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оны жеке тінту барысында Семей қаласының аумағында бетбелгі қою арқылы таратуға ниеттенген 23 дана полимерлі жинақтарды тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 10 грамнан асатын психотроптық зат болып табылады.

​Ер адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button