
10 мамырда Семейде 310 нысанға тексеру жүргізілді. Соның ішінде күнделікті мониторинпен “жылу картасына” кіретін 298 нысан қамтылды. Сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзудың 5 фактісі анықталды. Толтырылған хаттамалар жоқ. Өндірілген айыппұлдар жоқ.
Риддер қаласында 5 рейд жүргізілді, мониторингтік топ 75 нысанға тексеру жүргізді, 2 бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, рейдтер Курчатов қаласында, Абай, Алтай, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, Үржар және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Қалалар мен аудандарда 10 мамырда 1000 астам нысандарға тексерулер жүргізілді.
Semey News.