Абай облысыБілімҚоғамСемейТОП

Абай облысының 3 педагогі «Үздік педагог-2022» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Әр мұғалім 3 млн теңгеден сыйақы алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Астанада өткен салтанатты іс-шарада ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық кезеңдердің қорытындысы бойынша облысымыздың 5 мұғалімі «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Олардың 3-і жеңімпаз атанды:
1. Абай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі – Айдос Жасұланұлы Сайлаубеков;
2. Семей қаласы, Уалиханов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған. «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернаттың информатика пәні мұғалімі Мадина Сейсенбековна Калбагаева;
3. Семей қаласы, Бизнес және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері – Айгуль Айтмухаметовна Рсалиева.
Биылғы жылдың ерекшелігі байқаудың барлық кезеңі цифрландырылып, өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың динамикасын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды.
Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button