Абай облысыҚоғамСемейТОП
Өскемен – Семей –Үржар бағытындағы әуе рейсі жанданды

Абай облысының Үржар ауылындағы әуежайдың ұшып қону алаңына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен кейін Өскемен – Семей –Үржар бағытындағы алғашқы әуе рейсінің ұшағы келіп қонды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Үржар әуежайының ұшып қону жолағына қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылы басталып, толық аяқталды.
Жоба «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асты. Нәтижесінде ұшып қону жолағының ұзындығы 600 метрге ұзартылып, 2 100 метрді құрады. Сонымен қатар, перрон алаңы екі ұшаққа арналып үлкейтілді.
Әуежайдың ұшып-қону жолағы «Air Astana», «Scat», «FlyArystan», «Qazaq Air» компанияларының ұшақтарын қабылдауға мүмкіндігі бар.
Semeynews.kz