
Бұл жайлы ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов мәлім етті.
«Полиция қызметкерлері 10 мамырда шыққан алапат өртке байланысты ҚР ҚК-нің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Аталған бап бойынша 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Күдікті ретінде бұрын сотты болмаған, 35 жастағы Риддер қаласының тұрғыны ұсталды . Оның абайсыздығы осындай ауыр салдарға әкеп соқты», – деді ол.
Полиция департаментімен құрылған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәлардың жауаптарын мұқият тексеруде. Сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалған.
Қылмыстық істі тергеу ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Semey News.