Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде автобус өртенді

18 қараша күні сағат 15:00 шамасында Әуезов даңғылында жол жүру кезінде автобус өртенді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші мен үш жолаушы өздігінен эвакуацияланды. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барлық көлік өртке оранды. Өрт сөндірушілер өртті қысқа мерзімде жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік құралы жеке тұлғаға тиесілі.Өрттің алдын ала себебі анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button