Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Семей тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді

Семей қалалық gолиция басқармасының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “РЕФЛЕКС” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Семей қаласының тұрғынынан кептірілген марихуана есірткі заттарын өткізу фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 27 жастағы жас жігітке тиесілі автокөлік құралын жедел тінту барысында жалпы салмағы 13,23 грамм болатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, ұсталған адамның пәтерін тінту барысында салмағы 7.95 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар полимерлі пакет тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ол бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button