Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейлік офицерлердің балалары жеңіс тұғырларынан көрінді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының офицері майор Аслан Әнуарбекұлы Тағаевтың ұлдары тағы да жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Офицердің тұңғышы Арслан Әнуарбеков дзюдо күресінен 2007-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы «Тарлан» біріншілігінде 42 келі салмақ дәрежесінде екінші орынды алды. 7-ші сынып оқушысы грек-рим күресіне де қатысады. Киокушинкай каратэден ақ белбеу иегері. Бос уақытында тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойнағанды жаны сүйеді. Есейгенде заң саласында адал қызмет жасап, қара қылды қақ жаратын әділ прокурор болуды қалайды.

Бауыры Арсен өзінен бір жас кіші. Ол – облыстық «Асыл тас» зияткерлік конкурсының жүлдегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Qaztest.kz сайтында бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған 1-ші республикалық «Қазақстан үміті» олимпиадасының математика, қазақ тілі, жаратылыстану, дүниетану пәндері бойынша жеңімпазы. Киокушинкай каратэден де ақ белбеу иегері, грек-рим күресінен Аягөз аудандық жарысының күміс жүлдегері. Өресі биік өреннің мақсаты – елді басқара алатын Президент болу. Арслан да, Арсен де «Ұлы дала қырандары» республикалық энциклопедиялық жинағына шығып, алғыс хатымен марапатталған. Соңынан ерген бауыры Әлинұр мен қарындасы Айкөркемге – үлгі. Білімді, талапты, төзімді де табанды балаларының елдің ертеңіне күш-жігерін жұмсайтынына әкелері сенімді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button