Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде “Мен қазақша сөйлеймін” қалалық акциясы ұйымдастырылды

Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы қала тұрғындарын мемлекеттік тіл курстарына тарту мақсатында “Мен қазақша сөйлеймін” қалалық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Акция барысында сауда орталықтары, дүкендер, мекемелер қамтылды. Қала тұрғындарына орталық туралы мәліметтері бар буклеттер үш тілде және қазақ – орыс тіліндегі ауызекі сөздігі таратылды. Ауызекі сөздікте күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылатын сөйлеу үлгілері, сөз тіркестері мен сөйлемдер жинақталған. Акция аясында қаланың 1200-ге жуық тұрғынына ақпарат берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button