Жарма ауданында «Жыл үздіктері» марапатталды

Жарма ауданында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген қызметкерлер «Жыл үздігі – 2022» атағына ие болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ж.Байсабыров номинация иегерлерін құттықтап, оларға іске деген ықыластары, жоғары жауапкершіліктер мен қызметтегі жетістіктері үшін алғыс білдірді.
«Дана халқымыздың «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін аянбай еңбек еткен әр адамның қызметі еленіп, лайықты бағасын алуы тиіс. Еңбек адамының мәртебесін өсіріп, беделін асқақтатудың мәні зор»,- деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан түрлі саланың өкілдері 21 номинация бойынша марапатталды.
Жеңімпаздарға аудан әкімінің дипломы мен алғыс хаты табысталды. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, жергілікті өнерпаздар қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Semeynews.kz