Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді

Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2022 жылғы 18 қарашада сағат 10:00-де облыс әкімдігі ғимаратында өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сессияға ұсынылған күн тәртібі:
1. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 6/33-VIІ «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Абай облысының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғаумен Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы;
3. Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау қағидаларын бекіту туралы;
4. Абай облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы;
5. «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;
6. Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы;
7. «Абай облысының (қала, аудан) Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы;
8. Әртүрлі.
Semeynews.kz