Абай облысыВизитҚоғамСемейТОП

ҚР ТЖ вице-министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 16 қарашада Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр генерал-майор Марат Күлдіковтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті. Азаматтарды өңірдің су тасқыны қауіпсіздігі, орман өрттерінен қорғалуы, азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру мәселелері қызықтырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Облысқа тән табиғи өрттер ерекше назар аударуды талап етеді. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – елді мекендер мен экономика нысандарын маусымдық тәуекелдерден қорғау бойынша тиімді шараларды іске асыру. Алда қаһарлы қыс мезгілі, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына және халыққа көмек көрсету жағдайында жедел ден қоюға назар аударған жөн”, – деп атап өтті Марат Күлдіков.

Жыл басынан бері ТЖД бөлімшелері ТЖ орнына 2 800-ден астам шығуды жүзеге асырды, бұл ретте 138 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

Халықпен кездесуден кейін вице-министр ТЖ алдын алу және жою мәселелері бойынша өтініш білдірген азаматтарды жеке қабылдады. Сондай-ақ журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button