Абай облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 160-тан астам дерегі анықталды
Абай облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 160-тан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс аумағында “Браконьер” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 160-тан астам құқық бұзушылықты анықтады.
Аталған іс-шара 20 қазан мен 19 қараша аралығында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында өткізілуде.
Анықталған құқық бұзушылықтардың 84-і аң аулау ережелерін, 53-і – балық аулау ережелерін бұзу. Сондай-ақ рейдтік іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген 8 қаруды тәркіледі. Сонымен қатар Абай облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау қызметінде экологиялық тұтастыққа қол сұғатын қылмыстармен күреске ерекше көңіл бөлінуде.
“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бородулиха және Көкпекті аудандарында полиция қызметкерлері ағаштарды заңсыз кесу және балық ресурстарын өңдіру фактілерін анықтап, кінәлі адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Semeynews.kz