
Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданындағы жаңа үйлердің бірінің қаптамасы қайтадан құлады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Өз қалаңды, өз халқыңды қалай сүймейсің?”,- деп ашуланған семейліктер бұл шағын ауданда мұндай оқиға бірінші емес екенін еске салады.
Осыған ұқсас жағдайлар ақпан, маусым және қазан айларында болды. Үйлердің сапасыз құрылысында тұрғындар үй салушылар мен сервистік компанияны кінәлайды, олар үйдің жағдайын қадағалап отыруы керек.
Қасбеттің құлауы туралы қалалық әкімдік түсініктеме берді.
“Аталған көшедегі 22-ші үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған”, – деп хабарлады әкімдік.
Мәселені шешу үшін қабыршақтанған қасбетті тазалап және оны жылулау қажеттілігі қарастырылады.
Semeynews.kz