Абай облысыҚоғамСемейТОП

Бүгінгі күннің батыры Айдос Тоғызбаевтың жанұясы жаңа қонысқа ие болды

Семейде «Азия Фирма» ЖШС Бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетіні туралы қыркүйек айында мәлімдеген болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Араға 2 ай салып ағымдағы жылдың 12 қарашасы күні «Фирма Азия» ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстады.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы мен жары қалды.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button