Абай облысыӘлеуметВизитҚоғамСемейТОП

Абай облысына жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова БАҚ өкілдерімен кездесті

Абай облысына жұмыс сапары аясында Тамара Дүйсенова Alikhan Bokeikhan university-де жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың кәмелетке толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына аудару бастамасы туралы еске салды.

“Бізде екі блок жұмыс істейді. Біріншісі – Ұлттық банк және қаржы-экономикалық блок. Мұнда олар 18 жасқа дейінгі әр баланың шотына аударылатын соманы анықтауға жауапты. Бұл ұлттық қордағы сомадан емес, инвестициялық табыстың 50% – ы. Екіншісі – білім және еңбек министрліктерінің өкілдерінен тұратын әлеуметтік блок. Біз балалар санын анықтау және балалар үшін жинақтаушы шот ашу бойынша жұмыс істейміз”, – деді Тамара Дүйсенова.

Еңбек министрі Мемлекет басшысының Ұлттық қор табысының 50 пайызын жас қазақстандықтарға бағыттау туралы ұсынысы халықтың үлкен қолдауына ие болғанын атап өтті. Министрдің ақпараты бойынша жинақталған сомалар тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button