Абай облысыВизитҚоғамСемейТОП

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Семейдегі Шәкәрім университетінің жастарымен кездесті

Кездесу барысында министр Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған білім ордасындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысып, министрліктің қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға қатысуға «29 жасқа дейінгі жастар» санатымен облыстың жұмыспен қамту орталықтары белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда 5 185 жас адам Ұлттық жобаның қатысушылары.

Ведомство басшысының айтуынша, сұранысқа ие кәсіптер бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға ықпал ететін, қоныс аударуды ынталандырудың өңірлік бағдарламалары мен ұтқырлық сертификаттарын енгізу есебінен Қазақстан аумағында азаматтарды ұтымды қоныстандыруға ықпал ететін жаңа көші-қон саясатын әзірлегенін хабарлады.

Жиында Тамара Босымбекқызы Шәкәрім жастарына мемлекеттік қолдау шаралары, ұлттық қор, арнаулы әлеуметтік қызметтерді модернизациялау, жұмыс берудің жаңа саясаты, жастарды жұмыспен қамту мен біліктілікті арттыру, электрондық еңбек биржа және еңбек нарығын ырықтандыруды заңнамалық бекіту мәселелерін атап өтті. Жыл басынан бері облысымызда жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың бизнес-идеяларын іске асыруға 309,0 млн.теңге сомасына 252 грант берілді.

Шәкәрімдіктер облыстағы өзекті мәселелерге байланысты бірқатар сұрақтар қойды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button