Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде тағы бір жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймағы пайда болады

Қаланың оң жағалау бөлігінде, Ибраев көшесі, Жұмабаев көшесінен Беспаев көшесіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргіншілерге арналған демалыс аймағын орнату жоспарлануда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауданы 0,3 га аумақта тротуар плиталарынан жаяу жүргіншілер жолдарын орнату, автомобильдердің бір жақты өтуі үшін жолдарды асфальттау және жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарының қауіпсіздігі, № 113 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары үшін балалар ойын алаңын орнату, жарықтандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жоспарланған.

Бұрын бұл жерде асфальт төселмеген және абаттандырылмаған жол болған. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде, деп хабарлады Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button