Абай облысыҚоғамСемейТағайындауларТОП

Семей полиция басқармасы бастығының үш орынбасары тағайындалды

Семейде полиция басқармасы бастығының жаңа орынбасарлары тағайындалды. Олар Шалқар Қанағатов, Ілияс Ибраев және Дәулет Белібаев болды. Бұйрықтарға Абай облысы ПД басшысы қол қойды. Бұл туралы қалалық ПБ-ң Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Полиция подполковнигі Шалқар Қанағатов бұған дейін Семей ҚП Затон полиция бөлімінің кадр саясаты бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Шалқар Хамитханұлы 1976 жылы Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Семей облысы ІІБ МАИБ жеке жол милициясы батальонының бірінші мотовзводының жол милициясының инспекторы болып бастады. Ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде 2018-2021 жылдары Семей ҚП бастығының орынбасары болды.

Полиция полковнигі Ілияс Ибраев бұған дейін Семей ҚП Әуезов полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Ілияс Болатұлы 1980 жылы Семейде дүниеге келген. 2001 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын бітірген. Бейсенова, 2021 жылы-ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы. ІІО – да 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.

Полиция подполковнигі Дәулет Белібаев бұған дейін Семей ҚП криминалдық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Дәулет Болатқазыұлы 1985 жылы Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР ІІМ Семей заң колледжін, 2015 жылы Қазақ гуманитарлық – заң инновациялық университетін бітірген. ІІО-да 2005 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Петропавл ІІБ анықтау бөлімінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінің анықтаушысы қызметінен бастаған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button