Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП
Семей тұрғынынан заңсыз ауланған 20 келі балық тәркіленді

Семей тұрғынынан 20 келідегі заңсыз ауланған балық тәркіленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қарашада “Браконьер” ЖААШ барысында “Ертіс” стационарлық-бақылау бекетінде тәртіп сақшылары 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lexus көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде автомобильдің жүксалғышынан үрлемелі резеңке қайық, балық аулайтын тор және 20 келідей балық табылды.
Тексеру барысында ер адам Орленок саяжайының ауданындағы Ертіс өзенінің жағалауында балық аулағанын түсіндірді. 39 жастағы семейлікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің “Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу” 383-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz