Семей қаласы Қараөлең ауылдық округінің Қайнар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта ғимараттың іргетасын салу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, терезелерге тапсырыс беріліп, оларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, кешеннің ішінде жылыту жүйесі орнатылған.
Болашақ спорт кешені 1,24 гектар аумақты алып жатыр, ал дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жалпы ауданы – 933,57 м2, өткізу қабілеті – 82 адамды құрайды. Кешенде ойын және күрес залдары жұмыс істейтін болады.
Semeynews.kz