Семейде қазандықтардағы электр сүзгілерін ауыстыру жоспарлануда

Облыс бойынша ірі кәсіпорындардан жыл сайын атмосфераға шамамен 28 мың тонна шығындылар шығады, оның ішінде Семей қаласы бойынша шығындылар 13 мың тоннадан асады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей тұрғындары “Теплокоммунэнерго”МКК қазандықтарынан нормативтен тыс шығарындылармен ауаның ластануының жоғары деңгейіне жүйелі түрде шағымданатынын бәріне белгілі.
Осыны ескере отырып, кәсіпорын қазандық агрегаттарын жөндеу, электр сүзгілерін тексеру және ауыстыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Қазір кәсіпорынға осы жұмысты қарастыру, сол арқылы қаладағы шығарындыларды азайту ұсынылады.
Сондай-ақ, Экологиялық кодекске сәйкес басқарма үш жылдық перспективаға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірледі.
Semeynews.kz