Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Семейде “Asar Joly” қайырымдылық форумы өтті

Белгілі блогерлердің қатысуымен “Asar Joly” қайырымдылық форумы қалалық мәдениет үйінде өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Asar Ume” Қоры ұйымдастырған іс-шараға Sabirkin  мен Әлия Байбусинова сынды блогерлер қатысты. “Asar Ume” – бұл әлеуметтік осал топтағы адамдарға көмектесу үшін кез келген соманы жіберу арқылы кез келген адам жақсылық жасай алатын бірегей жоба.

Іс-шара  500 адамға арналған залда өтті, ине шаншыр жер болмады. Ұйымдастырушылар, олардың қорына ақша берген адамдар және кәсіпкерлер 6 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасына үйді сыйға тартты. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға тегін қызметтерге, тұрмыстық техникаға және басқа да бағалы сыйлықтарға сертификаттар ұсынылды.

Семейдегі “Asar Joly” қайырымдылық марафоны Қазақстанның барлық ірі қалалары бойынша тур аясында өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button