Семейде қызметтік ит қалта ұрысын ұстады

Семейде Ройс атты қызметтік ит қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында 102 арнасына қала азаматы Ш.Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан “Тамаша” СҮ ауданында бейтаныс адам оның қалтасынан “Samsung” маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап әкеткені туралы хабарлаған. Шығын 70000 теңгені құрады.
Сағат 18.00-де оқиға орнына Ройс атты қызметтік итпен бірге 5511 әскери бөлімінің әскери наряды аттанды.
Ауданды тексеру барысында Ұлттық ұлан қызметкерлері бағдар бойынша ұқсас адамды байқады. Әскери киімді көріп, ол кенеттен қарама-қарсы бағытта қаша жөнелді, ол талаптарға жауап бермеді. Кинолог “Тоқта, мен қызметтік итті қолданамын” деп айқайлап ескертті, ол жүгіруді жалғастырды. Содан кейін “Фас!” пәрмені шыққаннан кейін Ройс құқық бұзушыны қуып жетті. Қашып бара жатқан адамды құлатып, Ройс оны ұландықтар келгенге дейін күзетіп ұстады.
Ұсталған адам Семей қаласының орталық ОП-на жеткізілді, жауап алу барысында мойындады. Осы факты бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Semeynews.kz