Семей әкімі азаматтарды қабылдады

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың азаматтарды жеке қабылдауы 3 сағаттан астам уақытқа созылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қала әкімінің қабылдауына 20-дан астам адам келді. Жеке мәселелерден басқа, тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру, қоғамдық көлік қозғалысы және т. б. мәселелерімен жүгінді.
Қала тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша әкім жетекшілік ететін әкімнің орынбасарлары мен тиісті бөлімдердің басшыларына қажетті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, әкім Нұрбол Нұрсағатов азаматтарды жеке мәселелері бойынша апта сайын жұма күні сағат 15:00-де қабылдайды, қажет болған жағдайда азаматтар онлайн форматта да қатыса алады.
Қала әкімінің қабылдауына 8-(7222)-52-35-08 телефоны арқылы жазылуға болады.
Айта кетейік, бүгінгі күні әкімнің жеке қабылдауына 150-ге жуық адам жазылды, апта сайын қала тұрғындары тізім бойынша кезек тәртібімен қабылданады.
Semeynews.kz